Қазақстан автонарығы үш айда 17%-ға өсті

09:38, 15 сәуір 2019

Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың үш айының қорытындысы бойынша автонарық 17%-ға өсті. Көшбасында Lada, Toyota және Hyundai.

Ақпан айындағы аздаған құлдыраудан кейін наурызда жаңа автокөліктер нарығы қалыпқа түсті. Қазақстанның автокөлік бизнесінің қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, көктемнің бірінші айында сату көлемі 12 %-ға – 4 676 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника дейін жетті, сонымен қатар 240 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бірінші тоқсанда жалпы сату көлемі 13 764 бірлікті құрады (өткен жылдан +17%).

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ең көп сатылатын жеңіл автокөліктердің ондығын LADA — 3 420 бірлік (+29%) бастайды. Toyota дилерлері биылғы жылдың бірінші тоқсанында 34%-ға артық автокөліктерді сатты — 2 906 бірлік. Үшінші орында Hyundai – 2019 жылдың қаңтар-наурызында 2 351 авто (+84%) сатылды.

Төртінші сатыға Kia орналасты – 864 автокөлік (+58 %) сатылған. Renault өз сатылымдарын қалпына келтірді — 504 (+131 %). Алтыншы орында Nissan — 472 (+18 %). Volkswagen 392 бірлік (+57%) автокөлікті сатты. Lexus дилерлері қаңтар-наурыз айларында 338 авто (+81%) сатып, сегізінші нәтижені көрсетті. Ең көп сатылатын ТОП-10 тізімін UAZ (310 бірлік; +31 %) және Skoda (178 бірлік; +162%) аяқтайды.

Айта кетейік, 2019 жылдың І тоқсанында автокөліктерді сатып алуға қазақстандықтар 127 млрд теңге жұмсады (248,8 млн доллар). Отандық нарықтағы Toyota түсімі үш айда 41,6 млрд теңгені құрады. Hyundai-дың сату айналымы 19.5 млрд теңгеге жетті. Lada шамамен 12,6 млрд теңге табыс тапты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!