«Қазақмыс» корпорациясының бас директорын пышақтап кетті

21:46, 21 қаңтар 2020
1133

Бүгін кешке қарай nur.kz порталы мен «Дикая Азия» телеграм каналы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді Минигуловтың ауыр жарақат алғанын хабарлады.

Оқиға кешкі 17.50 шамасында болған. Бас директордың кабинетінде корпорацияға қарасты «Кәсіп Қорған» кәсіподақ комитетінің төрағасы Тоғызбай Тәжбенов кірген. Артынша екеуінің арасында жанжал туып, кәсіподақ басшысы мылтық алып келген. Атып діттеген жеріне тигізе алмаған соң басшысына пышақ сермеген.

«Дикая Азия» телеграм каналының жазуынша басшының қасындағы компанияның даму жөніндегі директоры Сабыржан Тембаев та жарақат алған. Компания басшыларының екеуі де ауруханаға жеткізілген. Тәжбенов оқиға орнында өзін атқан. БАҚ оның қайтыс болғанын хабарлады.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!