Қазақ жұмысшылары шетелдіктерге қарағанда аз жалақы алады

12:36, 10 қыркүйек 2019

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Ұқсас лауазымдағы шетелдіктердің жалақысы қазақстандықтардың кірістерімен салыстырғанда орташа есеппен 1,5-2 есе көп, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

«Қазір Бас прокуратура еңбек инспекцияларымен 63 кәсіпорында тексеру жүргізуде. Оның 38-і аяқталды. Өкінішке орай, 19 кәсіпорында қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақысының айырмашылығы анықталды… Орташа алғанда 1,5-2 есе жоғары (экспаттардың жалақысы)», — деді ол.

Оның айтуынша, еңбек заңнамасы жұмыс берушілерден шетелдік және жергілікті жұмысшыларға, оның ішінде жалақы тұрғысынан бірдей жағдай жасауды талап етеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!