Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

11:07, 12 маусым 2019

Нұр-Сұлтан. 12 маусым. 7kun.kz – Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

Заңға сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деп халыққа ант берді.

Осы сәттен бастап Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.




Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!