Қасым-Жомарт Тоқаев Binance негізін қалаған миллиардерді қабылдады

18:15, 25 мамыр 2022

Нұр-Сұлтан. 25 мамыр. 7kun.kz — Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz bort_1 арнасына сілтеп.

Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары, сондай-ақ, Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды. Кездесу соңында Президенттің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!