Қасым — Жомарт Тоқаев: Банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді

00:00, 6 мамыр 2020
7779

Банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл туралы Президент Қасым — Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты. 

Сұхбаттасушының «Сіз бұған дейін мұндай кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жауап­­­кер­шілік таныту қажеттігін айт­т­ы­ңыз. Бұл құрылымдар, көбіне, дағ­да­­рыс кезеңінде қолдау бола ма деп мем­­лекетке жүгінетіні жасырын емес. Жал­­пы, осы дұрыс па? Төтенше жағ­дай­ға байланысты сол банктер ха­лық­­қа қандай көмек көрсете алады?» деген сұрағына жауап берген Президент «Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі» екенін айтап өтті. 

«Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлт­тық экономиканы көтермелеудің бір жолы», — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша қазір банктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдік беретін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк ба­қылап отыр. Сондықтан салымшы­лардың қара­жа­тына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.

«Төтенше жағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдың тұрақтануына өз үлесін қосты деп айта аламыз. Ең алдымен, банктер кәсіпкерлерге және азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақты айтқанда, несие төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндай көмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір.  Сондай-ақ Үкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие беруді тоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жол бермейміз.  Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда», — деді Мемлекет басшысы. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!