Kaspi.kz суперқосымшасында теміржол билеттерін сатып алуға болады
Kaspi.kz ҚТЖ-мен бірге жаңа сервисті іске қосты — т/ж билеттерін Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн сатып алуға болады. Билет құнын Kaspi Gold-пен, несиеге сондай-ақ Kaspi Бонустармен толық немесе жартылай төлеуге болады.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе:
«Біз сүйікті клиенттеріміз үшін бүкіл Қазақстан бойынша пойыздарға билетті онлайн сатып алу мүмкіндігін қосқанымызға қуаныштымыз. Енді біздің қосымшамыздың Kaspi Travel бөлімінде әуебилеттеріне қосымша т/ж билеттерін де онлайн, жылдам, оңай сатып алуға болады. Осы сервисті іске қосуға қатысқан әрбір адамға алғыс айтамын. Біздің клиенттерімізге қауіпсіз, ыңғайлы сапар тілеймін».
«Біз Қазақстанда пойызбен саяхаттау қарапайым және ыңғайлы болғанын қалаймыз. Сондықтан тұрақты түрде сервисті жақсартумен айналысамыз, цифрлық қызметтерді енгіземіз. Жақында біз ҚТЖ мен Kaspi.kz-тің IT жүйелерін ықпалдастырдық, енді біздің жолаушыларымызға үйден шықпай-ақ пойызға билет сатып алу оңай бола түсті. Бұл клиенттерге пайдалы әрі қолайлы жағдай жасау үшін компаниялар серіктестігінің тамаша үлгісі», — деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Петер Штурм.
Kaspi.kz суперқосымшасын 10 миллионам астам қазақстандық пайдаланады. Қосымшаның айналасында ыңғайлы қызметтердің тұтас экожүйесі қалыптасты — тиімді зат сатып алу, төлемдер, билеттер алу және тағы басқалары.
Өткен жылы Kaspi.kz саяхатшылар үшін арнайы Kaspi Travel сервисін іске қосты, оның көмегімен қазақстандықтар жылдам әрі тиімді әуебилеттерін сатып алады. Енді дәл осылай теміржол арқылы сапарды оңай әрі қарапайым жоспарлап және жолақысын төлеуге болады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл