Kaspi.kz Қазақстандағы ұлттық табиғи парктердің дамуын қолдайды

11:55, 30 қараша 2020
2477

26 қарашада «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Kaspi.kz  компаниясы ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар қоршаған ортаны сақтау, экологиялық жағдайды жақсарту, ғылымды дамыту, заманауи инфрақұрылым қалыптыстыру және ұлттық табиғи парктердің аумағын абаттандыруға бірге күш салуға келісті.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің Төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким  бұл туралы былай деді:

«Біз Қазақстанның ерекше табиғи және мәдени құндылықтарын сақтауға үлес қосқымыз келеді. Жоба аясында біз ғылыми зерттеулер мен білім бағдарламаларына қаржылай қолдау көрсетеміз. Біз отбасыларымыз бен балаларымызда еліміздің тамаша табиғатынан ләззат алу мүмкіндігі болуы үшін Ұлттық парктердің дамуына қатысамыз. Бұл алдыңғы буын бізге жеткізген байлық және біздің мақсатымыз – осы сұлулықты сақтап, көбейтіп, болашақ ұрпаққа жеткізу».

 Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деп атап өтті:

«Kaspi.kz миссиясы– біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту және QazaqGeography-мен бірлескен жоба оған толық сәйкес келеді. Әрқайсымыз әсем табиғатты жақсы көреміз және салауатты өмір салтын ұстанамыз. Біздің мақсатымыз өте қарапайым – біз сүйікті клиенттеріміз бен олардың отбасыларының және барлық қазақстандықтардың ұлттық парктерге рахаттанып баруы үшін QazaqGeography-ге экологиялық туризмнің тартымдылығын жақсарту және сапалы, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға көмектескіміз келеді».

QazaqGeography басқарма төрағасы Орман Нұрбаев былай деді:  

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – кез-келген табысты компанияның жұмысындағы маңызды бөлігі. Kaspi.kz –тің ұлттық табиғи байлықты сақтау және дамыту мәселелерін шешуге белсене қатысуы жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. Біз Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасының танымалдылығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғап, Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тұрақты дамыту мен экотуризмді дамытуға бірлесе отырып күш саламыз». 

QazaqGeography туралы

«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың 16 қазанында құрылған. Бірлестіктің миссиясы – Қазақстан мен әлемде табиғат, қоғам мен мәдениет туралы білім тарата отырып, дамыту және азаматтардың өзін-өзі дамытуға, қоғам мен әлемге қызмет етуге шабыттандыру. QazaqGeography-дің маңызды міндеттерінің бірі – қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау мен экологиялық туризмді дамытуға ықпел ету.   

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Біздің инновациямыздың негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 8.5 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады. Біздің әрқайсымыз күн сайын біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновацияларымызбен таңқалдыру үшін бар күшін салады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір