Kaspi.kz — Қазақстандағы N1 интернет-дүкен
Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — Kaspi.kz бесінші жыл қатарынан электронды коммерцияның көшбасшысы деп танылды.
Қазақстандық ірі сауда интернет-алаңдарының TOP KZ Retail E-Commerce 2022 ренкингінде Kaspi.kz тағы да бірінші орынға ие болды. Kaspi.kz бесінші жыл қатарынан Қазақстанда электронды коммерцияның көшбасшысы деп танылды.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:
«Бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз! Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде негізінен шағын және орта бизнес компанияларының 2,5 миллионға жуық алуан түрлі тауарлары ұсынылған. Бір жағынан, біз компаниялардың өсуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесеміз, екінші жағынан, сүйікті клиенттерімізге тегін жеткізу қызметімен тиімді зат сатып алуға көмектесеміз».
Forbes Kazakhstan іскерлік журналы Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтинг компаниясымен бірлесіп жыл сайын TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жасайды. Бұл – онлайн сатудан түсетін түсім көлемі бойынша қазақстандық интернет-компаниялардың тұрақты рейтингі.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл