Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын ұлғайтты

12:58, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Каспий құбыры консорциумы 35,48  млн тонна мұнай экспорттады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,77%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каспий құбыры консорциумы мәліметіне қарағанда, биылғы шілдеде мұнай экспорты 5,158 тоннаға жетті, ал былтыр осы айда бұл көрсеткіш 4,465 млн тоннаны құраған еді.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі. Оның Теңіз – Новороссийск құбыр желісі 1 511 километрге созылып жатыр. Осы маршрут арқылы Қазақстан экспорттайтын бүкіл мұнайдың үштен екісі жіберіледі.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!