Kaspi Жұма қайта жалғасты

16:36, 22 шілде 2018

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz – Бүгін таңғы 10-нан бастап Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі іске қосылды. Бұл туралы банктің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. 

Айта кетейік, 20, 21 шілдеге жоспарланған Kaspi.kz-тің акциясы Денис Теннің қазасына байланысты уақытша тоқтаған еді.

“Қайғылы күні зат сатып алу мерекесін жалғастыру орынсыз деп есептейміз”,- деді хабарлады банк.

Бүгін белгілі болғандай, Kaspi Жұма бүгін және ертең 22:00-ге дейін жалғасады. Айта кетейік, Kaspi Жұма аясында Kaspi Магазиннен кез-келген затты артық төлемсіз, комиссиясыз және пайызсыз 24 айға дейін бөліп төлеуге сатып алуға болады.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!