Қашаған мұнайының алғашқы миллион тоннасы экспортқа жөнелтілді

20:06, 13 қаңтар 2017

Бұл туралы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнай мен газ өндіру жөніндегі алғашқы жобаның операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани.» мәлімдеді.

Компания өкілдігі Қашаған кен орнында шикі мұнай мен конденсатты қауіпсіз өндіру және экспорттау көлемінің 8-ші қаңтарда миллион тоннадан асқаны туралы хабарлады. Өндіріс 2016 жылғы қыркүйек айында басталған және қазіргі уақытта өнім өндіру қарқындылығы тәулігіне 180 000 баррель мұнайға дейін артуда. 

Ілеспе газды қойнау-қатқа кері айдау басталып, оңтайландыру жұмысы аяқталғаннан кейін Қашаған жобасының І кезеңі шеңберінде өнім өндіру деңгейін тәулігіне 370 000 баррельге жеткізу көзделіп отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!