KASE күндізгі сессиясында доллар 377 теңге болды

15:52, 19 ақпан 2019

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,99 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,85 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,70 теңге, жабылу курсы бір долларға – 377,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 73 млн 400 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 153.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 379 теңге, Алматыда – 379 теңге.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 376,30 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 19 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,26 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!