KASE индексі әлемнің жетекші биржаларын басып озды

21:16, 19 қазан 2017

Қазақстан қор биржасының индексі жыл басынан 51 пайызға өсіп, әлемнің беделді биржаларының көрсеткіштерінен асты.

Бұл отандық қор нарығындағы эмитенттердің экономикалық әлеуетін көрсетеді. 

KASE мамандарының айтуынша, 9 айдағы сауда көлемі 119 триллион теңгеге жетіп, былтырғыдан 62,6 пайызға, яғни 45,8 триллионға өскен. «Мұндай көрсеткішке доллар бағамы әсер етті», – дейді мамандар. 

Қаржыгерлер: «Соңғы тоқсанда теңге бағамына Brent маркалы мұнайының бағасы мен рубльдің АҚШ валютасына шаққандағы құны әсер етті», – дейді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!