Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігін құруға 10 млрд теңге керек — Досаев

14:22, 22 мамыр 2019
461

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікті құруға 10 млрд теңге қажет, деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.

«10 млрд теңге қажет», — деді Досаев журналистерге сәрсенбіде елде қаржы нарығын реттеу жөніндегі жаңа орган құру үшін қанша қаражат қажет екендігі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Оның ақпараты бойынша, тиісті заң қабылданғаннан кейін агенттік 2020 жылдың 1 қаңтарында жұмыс істей бастайды деп жоспарлануда.

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және микроқаржы қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай — ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін жаңа мемлекеттік органға — қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігіне беру ұсынылады.

Бұл шара Ұлттық Банкке ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды іске асыру үшін қажет, — деп түсіндірді қаржы реттеушісі.

Бұрын Қазақстанда қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) жұмыс істеді. 2011 жылдың сәуір айында ол жойылды, мемлекеттік агенттіктің функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық Банкке берілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!