Қаржы нарығын реттеу агенттігі қызметшілерінің бос орындарына орналасу арналған конкурс жариялады

09:26, 6 қазан 2022

Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.

Кандидаттарды таңдау кезінде тиісті білімнің болуы, жоғары деңгейдегі біліктілігі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл үйрену сертификаттарының болуы, сондай-ақ бос лауазым орнына кандидаттың әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар қажетті құжаттарды қолма-қол жұмыс күндері сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін немесе почта арқылы(нотариалды куәландырылған сканерленген құжаттар) 2022 жылғы 5 – 18 қазан  аралығындағы кезеңде 10 (он) жұмыс күні ішінде Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй (индекс — А15С9Т5) мекенжайы бойынша ұсына алады.

Конкурс Басқарманың 2020 жылғы 3 ақпандағы №3 қаулысымен бекітілген Агенттік қызметшілерімен лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) резюме (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары, білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер көрсетілген);

2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Конкурсқа қатысушының Агенттік қызметшісінің үштен аспайтын бос лауазымынаөтініш беруге құқығы бар;

3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Фотосуреті бар резюменің электрондық нұсқасын ұсынылған нысан бойынша (3-қосымша) Wordформатында[1] толтырып, мынадай  электрондық мекенжайларға жіберу қажет: Assel.Yermekbaeva@finreg.kz,  Assel.Yermekova@finreg.kz

Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, кандидат әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның кандидатты қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Кандидаттардың құжаттарын қарау аяқталған күннен бастап комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды тестілеуге жіберу туралы шешім қабылдайды және сол уақыт кезеңі ішінде олар тексеруден өтеді.

Тестілеуден өту кезінде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған конкурсқа қатысушылар әңгімелесуге жіберіледі және оны тексеру аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кандидаттарды әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы электрондық пошта және (немесе) телефон байланысы құралдары арқылы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс құралдарының қызметтерін пайдалану және т.б.) кандидаттар өз қаражаты есебінен төлейді.

Толық ақпаратты осы сілтемеге өту арқылы алуға болады:

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!