Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз төлемдерге салық салмайды

11:07, 14 қараша 2019

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — Қаржы министрлігі қосымша төлемдер немесе салықтар алуды және жеке тұлғалардың қолма-қол ақша аударымдарын тексеруді жоспарламайды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.

«Ақша аударымдары бойынша комиссия болмағандықтан, пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты Kaspi сияқты жедел аударым жүйелерінің тұрғындар арасында және бизнесте танымалдығы артып келеді. Әрине, ҚР Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететінін түсінеді. Айта кетерлігі, Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салықтар алуды, оның үстіне жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізуді жоспарлап отырған жоқ», — деп мәлімдеді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, ведоство банктермен бірлесіп қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру үшін ыңғайлы және заманауи инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс істейді.

«Кәсіпкерлік қызметке келетін болсақ, ол ашық болуы керек. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес фискалдық чектер беруге, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап — онлайн бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға міндетті. Kaspi-ді кәсіпкерлік мақсатта пайдалану — кәсіпкерлерді осы міндеттемелерден босатпайды. Чектің болуы тұтынушылардың құқығын қорғау үшін маңызды», — деп түсіндірді Әлихан Смайылов.

Бұдан басқа, қаржы министрлігі өз бизнесінде жедел аударымдар жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесін пысықтап жатыр. Мысалы, онлайн бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды автоматты түрде толтыру және салық есептілігін жөнелту функционалы арқылы біріктіру арқылы. Мұндай пилот Kaspi банкпен бірге келесі жылы өткізіледі.

«Сонымен қатар, мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері, мысалы, патент немесе жеңілдетілген декларация 3 жылға салықтар мен тексерулерден босатылатындығын атап өткім келеді», — деді ол.

Әлихан Смайылов бұл мәселеде халықтың мазасыздануына негіз жоқ екенін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!