Каримовтың қызы Өзбекстандағы ірі базарды сатып жіберді

18:04, 14 шілде 2018

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz – Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Өзбекстандағы ірі Абу-Сахий коммерциялық базарын сатып жіберді, – деп хабарлайды tengrinews.kz Reuters дереккөзіне сілтеме жасап.

Өзбекстан астанасында орналасқан Абу-Сахий базарында өткен жылы ребрендинг өтіп, Ташкенттік Жібек жолы атанған. Бұл шара Шавкат Мирзиеевтың Орталық Азиядағы халық тығыз орналасқан мемлекет ретінде реформациялау үшін жасалған маңызды кезең епкенін атап өтті.

Лола Каримова-Тилляева мен оның күйеуі Тимур Тилляев ешуақытта базарға және сонымен байланысты логистикалық компанияларды басқарып, иелік ететіндері жайлы жария етпеген. Үкіметке жақын қаржыгер және кәсіпкер, осы базармен жұмыс істейтін адам Рейтер агенттігіне отбасылық жұптың осы Абу-Сахий базарын өткен жылдың соңына дейін басқарғандарын айтады.

Өзбекстан экономикасы үшін Абу-Сахий иелерінің ауысуы тиімді бола түскен, себебі Өзбекстанға импортталатын тауардың көбі осы базар арқылы өтетін болған. Қорға 15 күн ішінде базар 35 миллиард сум (4,2 миллион доллар) алып келген. Бұрын табыс бір айда небәрі 5 миллиард сум болған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!