Қаражатты банк депозитінде сақтаған квазимемлекеттік 40 компания тексеріледі

15:11, 3 наурыз 2020
1123

40-тан астам квазимемлекеттік компания қаражатын екінші деңгейлі банктердегі ұзақмерзімді депозитте сақтаған. Олардың заңдылығын енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексереді. 

«Бұл қаражат нақты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген. Алайда оны мақсатты түрде жұмсаудың орнына квазимемлекеттік сектор оларды депозиттік шотта сақтап, пассивті кіріс алып отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың уақытында, сапалы жүзеге асуына әсер етеді», деді бүгін Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!