Қарағандыда 12 адамды алдаған алаяқ ұсталды

10:19, 19 шілде 2019
383

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Қарағандыда «пәтер сатамын» деп 12 адамды алдаған алаяқ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Зардап шеккендердің бірі, 30 жастағы қала тұрғыны 16 шілдеде Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне жүгінді. Оның айтуынша, «45-ші квартал» аялдамасында белгісіз біреу пәтер сату сылтауымен оның 2 млн теңгесін алып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!