«Қара тізімде»: Fly Arystan Оғыз Доғанды ұшаққа мінгізбей қойды

19:01, 9 қазан 2019

Оғыз Доған мен әуе компаниясы арасында тағы да дау шықты. Қазақстанда еңбек ететін Түркия азаматы Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлеуметтік желіге шығып өзін ұшаққа отырғызбай жатқаны туралы ақпарат таратты.  

Оның айтуынша  КС 7327 әуе рейсімен Шымкент қаласына ұшуы керек болған. Алайда әуежайда әуе компаниясының өкілі Оғыз Доғанның қасындағы әйел адам мен сәбиін тіркеп, өзінің құжаттарын қабылдаудан бас тартқан.  Себебі  Оғыз Доған«Эйр Астана»  компаниясының «қара  тізімінде» екен. Бұдан кейін Оғыз Доған тікелей эфирге шығып, видеоға түсіре бастағанazattyq-ruhy.kz сайтына берген сұхбатында.

Ал «Fly Arystan» компаниясының PR менеджері Ләззат Нәбиева azattyq-ruhy.kz –ке берген сұхбатында жолаушыға билет құны қайтарылады дейді.  

«Оғыз Доған мырзаның мәселесіне қатысты қазір тиісті мамандар айналысып жатыр. Иә оның «Эйр Астана»-мен соттасқанын білеміз. «Fly Arystan» компаниясы «Эйр Астана» әуе компаниясының ішінде болғандықтан, кейбір ережелер бізге де ортақ қолданылады. Қазір ол кісі біздің компанияның телефон номері бойынша хабарласуы тиіс. Билетке төленген ақшасы қайтарылады. Қазір біз сұрау жасадық. Оған нақты жауап алуымыз керек. Билет алдын ала сатылады, ондай адамдар қандайда бір тізімде екенін өздері білуі керек. Ол кісі негізі хабардар. Жүйе автоматтандырылған, билет оған қарамай сатыла береді», — дейді ол.

Еске салайық, 2017 жылы Оғыз Доған «Эйр Астана» компаниясын  сотқа берген. Сот шешіміне сәйкес «Эйр Астана» компаниясы Оғыз Доғанның талабы бойынша мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар  кәсіпорын шағымданушыға  моральдық өтемақы ретінде символикалық 1 теңге төлеуге міндеттелді.

Оғыз Доған бұл жолы да сотқа жүгінгелі отырған сыңайлы. Әлеуметтік желіде «Air Astana!!! Енді 1 теңгемен құтыла алмайсың!», деген жазба қалдырған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!