Қаңтарда Қазақстанның ЖІӨ 3,6%-ға өсті

10:03, 11 ақпан 2020

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанның ЖІӨ 3,6%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жылдың қаңтар айында ЖІӨ өсімі 2,9% құрады.

«2020 жылдың қаңтар айында ЖІӨ өсімі 3,6%-ға дейін артты. Негізгі капиталға инвестициялар 3,1%-ға өсті. Жылдық инфляция 5,6%-ды құрады. Бұл 4-6% мақсатты дәліз аясында», — деді министр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!