Қала билігі Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады

13:31, 16 наурыз 2020

Коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі Алматы қалалық штабы 16 наурыздағы 12:00 жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 зертханалық-расталған жағдайы тіркелгенін хабарлайды.

Алты науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Алматыға Германиядан ата-анасымен келген 2008 жылы туылған қыз әуе кемесінің бортынан балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеке боксқа жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Айта кету керек, экипажды қоса алғанда, борттағы 12 адам әуежайдан оқшауланып, талдау алынды.

Коронавирус тіркелген 7 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық пациенттер бекітілген хаттамаға сәйкес ем алады, вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия уақытында басталды.
Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге орналастырылды.

Жалпы бүгінгі күні Алматы қаласында 676 адам карантинде жатыр. Алматы қаласының әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе, үй карантиніндегілерді осы жағдайда өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен және тілектестікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады. Үй карантинінде жатқандар оқшаулану мерзіміне шыдаулары керек.
Анықтама үшін тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!