Испания Facebook пен WhatsApp мессенджеріне айыппұл салды

14:48, 16 наурыз 2018

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz. — Испанияның деректерді қорғау агенттігі Facebook пен WhatsApp желілерін  жеке деректерді сақтау туралы заңнаманы бұзды деп айыптап, жалпы сомасы 600 000  еуро айыппұл салды.

Әрбір компанияға 300 мың евро айыппұл салған. Испан билігінің пікірінше, WhatsApp мессенджеріндегі деректер қолданушылардың рұқсатынсыз Facebook-ке берілген. Ал бұл мәліметтерді қорғаудың “испандық және еуропалық нормасын” бұзады.

WhatsApp — әлемдегі ең танымал мессенджер болып есептеледі. 2016 жылы оның акцияларын Facebook әлеуметтік желісі сатып алған.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!