Ірі шетелдік компаниялардың келуі қиын кезде экономикаға демеу болды

13:01, 21 қыркүйек 2017

Елімізде индустриалды-инновациялық дамудың 5 жылдық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед 2015-2019 жылдарға арналған 5 жылдық жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде партиялық тыңдау өткізді. Жиынға Мәжіліс депутаттары, сарапшылар, кәсіпкерлер, партия мүшелері қатысты. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған бағдарлама шикізаттық емес сектордың дамуына ерекше серпін берді. Тек соңғы 7 жыл ішінде 500-ге жуық жаңа өндіріс орны іске қосылып, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорын ашылды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Бұл мақсатқа 5 трлн теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты. Дəл осы жаңа кәсіпорындар мұнай бағасы үш есеге төмендегенде ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал еткен.

Мұхтар Құл-Мұхаммед,  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: 

-Бүкіл дүние жүзіне танымал аса ірі компаниялар келіп, миллиардтаған доллар инвестиция салды және ең озық технологиялар әкелді. Дәл осы кәсіпорындар мұнай бағасы 150 доллардан 50 долларға дейін үш есе төмендеген кезде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Елбасы тапсырмасының уақытында орындалуы партияның басты назарында болуы керек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!