Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жыл мүлік салығынан босатылады

11:40, 17 наурыз 2020

Нұр-Сұлтан. 17 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнестің жекелеген санаттарына салықтық жеңілдік жасауды қарастыруда. Бұл туралы Үкімет отырысында Экономика министрі Руслан Даленов айтты.

Даленовтың айтуынша ол санатқа Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары кіреді. Салық жеңілдігі ретінде оларды бір жыл бойы мүлік салығынан босату қарастырылуда.

Сондай-ақ, бір тоқсан өсімпұл қосуды тоқтатып, 3 тоқсанның салық есебін шегеру, орта бизнес нысандарын тексеруді азайту көзделген.

Айта кетейік, үкімет отырысы онлайн режимде өтті.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова да осы отырыс барысында
өтенше жағдай кезінде заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдер мерзімі өтсе айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейтінін, кредит бойынша төлем мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру керектігін айтты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!