Ірі мұнай трейдері қазақстандық жобаларды қаржыландыруды арттырды

16:03, 19 қыркүйек 2017
448

Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz — Vitol халықаралық энергетикалық трейдері Қазақстанның мемлекеттік мұнай компанияларына берілетін несие көлемін 5 млрд долларға дейін көбейтті. Бұл туралы Financial Times басылымы жариялады.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың соңында трейдерлер «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) компаниясымен Теңіз кен орнындағы үлесін 3 млрд долларға айырбастауға келісімге келген.

Тамыздағы соңғы мәміледе, Vitol трейдері қол қойылған келісімдегі бағаны 2 млрд долларға еселеді. Бұған дейінгі келісім бойынша, ҚМГ мен»Самұрық-Қазына» Қашаған кен орынынан мұнай тасымалдау үшін 1 млрд доллардың келісіміне қол қойған.

Еске салсақ, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қашағандағы өндірісті ұлғайту керектігін хабарлаған. Осыған байланысты министрлік мұнай экспорттаушы елдер ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Мейірім Бақытжанова

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!