Ираннан Қазақстанға құны 1,7 млрд теңгелік темекі заңсыз кіргізілген

23:18, 18 маусым 2021
5393

Керамикалық плитка мен томат пастасы ретінде рәсімделген контрабандалық темекі Ақтау «Теңіз порты» арқылы 30 контейнермен кіргізілген. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі Агенттігі хабарлады.

Контрабандашылардың жымысқы әрекетін жүзеге асыруға Ақтаудағы «Теңіз порты» кедендік постының басшысы көмектескен. Заңсыз тауарды кіргізуді ұйымдастырушы мен лауазымды тұлға 10 жылға, топтың үш мүшесі бес жылға сотталды.

Тәркілгенген темекінің құны 1,7 млрд теңгеден, кедендік алым мен салық 4,8 млрд теңгеден асады.

A post shared by АФМ РК (@afm_rk)



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!