Иран мұнайы нарықтан жоғалып бара жатыр

13:48, 21 маусым 2018
399

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Иран мұнайы біртіндеп нарықтан жоғалып бара жатыр, маусымдағы экспорт жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Иран маусымның бірінші жартысында жыл ішіндегі  мұнай экспортын барынша төмен деңгейге дейін қысқартқан. Иран мұнай порттарынан мұнай мен мұнай конденсаттарын жөнелту ағымдағы айдың алғашқы 14 күні ішінде тәулігіне 2,114 млн баррельге (б/т) дейін төмендеген, мамыр айының осындай мерзімінде бұл көрсеткіш 2,511 б/т болған еді.

Осылайша, АҚШ-тың мамыр айындағы Иранға қатысты ықпалшараларды жандандыру туралы шешіміне нарыққа өз әсерін тигізе бастаған тәрізді. Жақын күндері ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің Венадағы кездесуінде иран экспортының америка ықпалшараларына байланысты қанша қысқаратынына, сондай-ақ бұл қысқарудың орнын толық көлемде өтеу қажет екеніне баға берілмек.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!