Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасады

12:07, 24 қараша 2017

Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Ұлттық Банк 2015 жылғы сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдаған, 130 млрд теңге бөлінген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкі.

Ол Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар кезеңінде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға жәрдемдесуге және олардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталғанын атап өтті. Борыштық жүктемені жеңілдету үшін Бағдарлама капиталдандырылған сомаларды шегергенде қарыз бойынша негізгі борыш қалдығын жылдық 3 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды көздейді. Қарыз алушының қарыз бойынша сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы бойынша қалыптасқан берешегін банктер кешіруге тиіс. Сонымен бірге Бағдарламада берешекті толығымен кешіру көзделмеген.

2017 жылғы 1 қарашада банктерге қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 214,7 млрд теңге жалпы сомаға 29 216 өтінім берілді. Оның ішінде 141 млрд теңге сомаға 23 028 өтінім мақұлданды.

2026 жылға дейін қайта қаржыландырылатын қарыздардың саны шамамен 40 мың болады деп болжанды.

Cонымен қатар, Ұлттық Банктің өкілі Мемлекет басшысының 2017 жылғы 11 сәуірде Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп Бағдарламаны кеңейтудің мақсатқа сай екендігі туралы ұсыныс енгізуге тапсырма берілді.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді және микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 7 645 өтінішті қарастырды. Олардың ішінде банк секторы бойынша өтініштер үлесі басым болды (95 пайыз). Олар көп жағдайда қарыздар бойынша берешекті қайта қаржыландыру немесе қайта құрылымдау, қарыз валютасын өзгерту мәселелеріне қатысты болды.

Ал, азаматтар өздерінің мәселелері бойынша өтінішті «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы жасай алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!