Инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр

17:31, 15 ақпан 2019
637

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 582,1 млрд теңгені құрады.

«2018 жылы қала экономикасына 582,1 млрд теңге тартылды, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды», – деп мәлімдеді қала әкімі Ғабидула Әбдірахимов 15 ақпан күні халыққа есеп беру кездесуінде. 

Қаланың экономикалық өсімі 7,6%-ке өскен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 трлн теңге болған. 17 367 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 5,2%-тен 5,1%-ке дейін төмендеген.

Шымкент қаласының статистика департаменті мәліметінше, 2018 жылы Шымкентке тартылған қаражат көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!