Instagram лүпіл санын жасырмақ

11:25, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Instagram әлеуметтік желісі бірқатар елдердің қолданушылары үшін лүпіл санын жасыратын эксперименталды функцияны іске қосты. Бұл туралы әлеуметтік желінің Twitter парақшасында хабарланды, — деп жазады РБК.

Әзірлеушілер желі пайдаланушыларының лүпіл санына емес, жазбалардың мазмұнына мән берсе екен дейді. Себебі қолданушылар лүпіл үшін көп алаңдайды екен.

Өзгерістер Австралия, Бразилия, Канада, Ирландия, Италия, Жапония мен Жаңа Зеландияға қатысты. Сондай-ақ, пайдаланушылар бейне көру санын көре алмайды. Instagram-да олар өздеріне ұнаған жазбаларды көре алады, алайда пайдаланушылардың достары жазбалардағы лүпіл санын көрмейді деп атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!