Instagram әлеуметтік желіге кіруге жас шектеуін енгізді

14:26, 5 желтоқсан 2019
752

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Instagram әлеуметтік желісі қосымшаға тіркелу үшін 13+ жас шектеуін енгізді. Бұл туралы компания өкілі хабарлады.

Егер Facebook-тегі жеке бет Instagram-дағы аккаунтпен байланысқан болса, әлеуметтік желі Facebook-тен туылған күнін автоматты түрде қосады. Өз кезегінде, Facebook-тегі туған күнді өзгертсе, Инстаграмдағы күн де өзгереді.

«Тарихи тұрғыда Instagram адамдардан жасын көрсетуді талап етпеді, өйткені компания Instagram-ды барлығы өз ойын білдіретін орын болғанын қалады. Осыны ескере отырып, әлеуметтік желі платформаның басқа пайдаланушыларына туған күндері туралы ақпаратты көрсетпейді», — деп мәлімдеді Instagram баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания жастарды қауіпсіздендіретін басқа да өзгерістерді енгізуді жоспарлап отыр. Мысалы, әлеуметтік желіде құпиялылықтың көптеген параметрлері пайда болуы мүмкін.

Айта кетейік, алдағы апталарда әлеуметтік желіде Instagram Direct жаңа функциясы пайда болады — пайдаланушылар жеке парақшаларына тіркелмеген адамдарға хат жазуға және чаттарға өздерін қосуға тыйым сала алады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!