Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа telegram арнасын іске қосады

12:00, 12 тамыз 2019

Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа telegram арнасын іске қосады — https://t.me/miirkz.

Жаңартылған коммуникация арнасында Министрліктің ең жаңа жаңалықтары, атап айтқанда барлық қолданыстағы комитеттер, департаменттер, қауымдастықтар, ведомстволық бағынысты ұйымдар және жетекшілік ететін салалардың жаңалықтары үнемі жарияланады.

Мәтіндік хабарламалардан басқа, әр пайдаланушы сапалы және тиісті фотосуреттерді, бейнероликтерді және әртүрлі инфографиканы алады.

Айта кетейік, ведомство басшысы Роман Скляр telegram арнасының және Министрліктің басқа да ақпараттық алаңдарының жұмысын жеке өзі қадағалайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!