Импорттық тауарлар қымбаттаған

17:10, 12 сәуір 2019
415

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда экспортталатын тауарларға баға 1,5% төмендеді, импортталатындарға 1,5%-ға жоғарылады, – деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы қара метал илегіне – 5,3%, ферроқорытпаларға – 3%, алюминийге – 2,7%, мысқа – 2,3%, мырышқа – 1,5%, хром кендеріне – 1,7%, мұнайға 0,7%-ға төмендеді, көмірге – 14,7%, мыс кендеріне – 4,5%, қорғасынға – 4%, порландцементке – 3,7%, темір кендеріне 0,6%-ға жоғарылауы тіркелді. Бағаның бидайға – 3,5%, арпаға – 1,9%, мақтаға – 1,1%, жүнге 0,4%-ға жоғарылауы тіркелді.

Импортталатын өнімдерден көкөністер – 28%, шұжық өнімдері – 4,8%, балық – 3,2%, қант – 2,3%, құс еті – 2,2%, сүт өнімдері – 1,9%, шай – 1,8%, маргарин – 1,6%, кофе 1,2%-ға қымбаттады, өсімдік майы 0,6%-ға арзандады. Баға пластмассаға – 3,1%, аяқкиімге – 2,6%, қағазға – 2%, құрылыс материалдарға 1,7%-ға жоғарылады, былғарыға 0,4%-ға төмендеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!