Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адамды жіберуді жоспарлап отыр

11:04, 20 қаңтар 2020
441

Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — Америкалық SpaceX компаниясының иесі және электромобильдер өндіруші Tesla басшысы  Илон Маск Twitter-дегі бетінде 2050 жылға қарай пайда болатын Марстағы миллион тұрғынға арналған қала құрылысының жоспарымен бөлісті.

Маск әрқайсысының жүк көтерімділігі 100 тонна болатын 1000 көп реттік Starship ғарыш кемелерін құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл жүз адамды бір рет тасымалдауға мүмкіндік береді. Кеме прототипі 2020 жылдың наурыз айында іске қосылуы мүмкін.

«Жылына 100 кеме салу 10 жыл ішінде 1000-ға немесе жылына 100 мегатонға әкеледі немесе жер орбитасын және Марсты синхрондау кезінде 100 мың жолаушыларға дейін болуы мүмкін», — деп жазды
Илон Маск.

Сондай-ақ, ол әрбір 25 ай сайын 30 күн ішінде кемелерді ұшыруды жүргізетінін жазды — бұл уақытта Марс пен Жердің орбиталары сәйкес келеді. Осылайша, ғарыш кемелеріне әуеге көтерілу үшін аз отын қажет болады. Орташа алғанда, бұл күніне үш ұшуды құрайды.

Маск жаңа планетада жұмыс көп болады деп атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!