Илон Маск Pravda сайтын ашады

17:16, 24 мамыр 2018

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компаниясының иесі Илон Маск БАҚ “шынайылығын” анықтайтын рейтинг жасау үшін Pravda сайтын ашады, деп хабарлайды РИА Новости.

“Халық кез келген мақаланың шынайылығына баға бере алуы үшін және әрбір журналиске деген сенімнің деңгейін бақылап отыруы үшін сайт ашқым келеді”, – деп жазды кәсіпкер.

Басылымның мәліметінше, осы имидж үшін Маск сайтты “Правда” деп атағысы келеді. Сондай-ақ, бизнесмен сайт атауының неліктен орыс тілінде екенін түсіндіріп өтті. Айтуынша, мұндай идеяны оның аккаунтындағы жазушылардың бірі ұсынған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!