Илон Маск өзінің Дарт Вейдердің дулығасына ұқсас тостерін көрсетті

14:44, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — SpaceX пен Tesla негізін салушы Илон Маск Instagram парақшасында өзінің жаңа тостерінің суретін жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Тостердің пішіні режиссер Джордж Лукастың “Жұлдыздар шайқасы” фильміндегі Дарт Вейдердің дулығасы іспеттес.

“Менің жаңа тостерім”, – деп жазды Маск әлеуметтік желідегі суретінің астына.

Картинки по запросу тостер илона

Айта кетейік, тостер әзірленген нанда Star Wars (Жұлдыздар шайқасы) деген жазбаны қалдырады. Instagram қолданушыларының көпшілігі оларда да дәл сондай тостердің бар екенін жазды.

Тағы біреулері Маскқа Falcon Heavy тасығыш-зымыранымен ғарышқа ұшқан Tesla Roadster кабриолеті сияқты тұрмыстық аспап шығарып, ғарышқа жіберуді ұсынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!