Hyundai Қазақстан Accent пен Creta-ны шығаруды уақытша тоқтатты

17:40, 24 тамыз 2022
3264

Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz –  Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Ассent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады. Бұл туралы компания хабарлады.

Компанияның хабарлауынша басты себеп — геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан жиынтықтауыштар жеткізілімі тоқтатылды.

«Осы уақытқа дейін кәсіпорын қорда қалған жиынтықтауыштарды пайдаланып жұмыс істеді, сондай-ақ Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден жиынтықтауыштарды жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта болашақтағы жеткізілімдер және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда. Қолда бар барлық жиынтықтауыштар игерілді. Жақын арада жаңа жеткізілімдер күтілмейді», деп хабарлады компаниядан.

Автоөндірушінің хабарлауынша Hyundai Ассент және Hyundai Creta автокөліктерін күтіп жүрген клиенттерге кезегі мен өндірістің қайта басталуын күтуді немесе басқа Hyundai моделіне кезекке тұруды ұсынады. Алайда өндірістің қашан басталатыны белгісіз. Компания бұл туралы нақты ақпарат бермеді. Айта кетейік,
Hyundai Қазақстанның өндірісте бар көліктерінің өзіне қол жеткізу қиын. Жылдың басында кезекте тұрып, көлікті әлі алмағандар бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!