ХВҚ басшысы отставкаға кетеді

09:41, 17 шілде 2019
232

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард 2019 жылы 12 қыркүйекте отставкаға кетеді.

«Кристин Лагардтың осындай шешіміне байланысты ХВҚ Атқарушы кеңесі қысқа мерзімде келесі басқарушы директорды таңдау процесін бастайды, ол туралы өз уақытында хабарлайды. Атқарушы кеңес қор директорының міндетін атқарушы болып қалатын Дэвид Липтонға сенім білдіреді», –делінген ХВҚ мәлімдемесінде.

ХВҚ хабарламасында, Лагардтың басшылығымен Қор өз мүшелеріне сын-қатерлер кешенін жеңуге табысты көмектескендігі айтылған.

«Біз Лагардқа ХВҚ үшін жасаған барлық іс-әрекеттері үшін үлкен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Оның жетістіктері ұзақ уақытқа із қалдырады. Оның басшылығымен Қор өз мүшелеріне жаһандық қаржы дағдарысының салдарын қоса алғанда, бұрын-соңды болмаған қиындықтармен күресте сәтті көмектесті», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы қызметіне 2011 жылы тағайындалды. Осылайша, ол Қордың алғашқы әйел – директоры болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!