Huawei смартфондарды сату бойынша Apple-ді басып озды

12:44, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың екінші тоқсанында сатылған смартфондар саны бойынша Huawei қытайлық компаниясы Apple корпорациясын басып озып, осы көрсеткіш бойынша әлемде екінші орынға шықты, деп хабарлайды RBK International Data Corporation-ға сілтеме жасап.

Samsung  корпорациясы 71,5 млн смартфон сатып, көп бастап тұр. Оның нарықтағы үлесі 20,9% құрайды.

Apple компаниясы  $53,3 млрд қаржы тапқанымен, сатылған смартфондардың саны бойынша алғаш рет үшінші орынға сырғыды.

Қытайлық компания 54,2 млн құрылғы сатып, нарықтың 15,8% алған. Осылайша, сатылым саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 40,9% өскен.

Apple осы жылы сәуір-маусымда 41,3 млн құрылғы сатқан.

Сондай-ақ қытайлық компания Xiaomi сатылымының өсімі 48,8% көрсетіп, төртінші орынға жайғасты. Бұл компания 31,9 млн аппарат сатқан.

Бесінші орында тұтынушыларға 29,4 млн смартфон өткізген Oppo қытайлық өндірушісі. Ол нарықтың 8,6% үлесін иеленді.

Екінші тоқсанда 342 млн смартфон сатылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!