Huawei P40, P40 Pro және P40 Plus смартфондарын наурыз айында таныстырады

13:25, 5 қаңтар 2020
919

Bluetooth стандарттарын жасап, сертификаттаумен айналысатын Bluetooth Special Interest Group ұйымы қытайлық
Huawei компанияның үш смартфонды сертификаттағаны туралы хабарлады.

Алайда смартфондардың нақты аты аталмады. Бірақ сала сарапшылары мұның Huawei P40 сериялы смартфондар екенін болжап отыр.

Стандартты Huawei P40 — жалпақ экранды, ал P40 Pro, P40 Plus-тің төрт жағы дөңес болмақ. Соңғысының экран көлемі үлкенірек.

ixbt.com жазуынша Huawei-дің тұтынушылық құрылымының атқарушы директоры Юй Чэндун (Yu Chengdong)
Huawei P40 сериясы наурыз айында Праижде таныстырылатынын айтқан.

Huawei P40-мен бірге компания Google сервистеріне балама ұсынбақ. Алайда смартфонның және бұл сервистердің сипаттамасы туралы ақпарат еш жерде жоқ.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!