Химия өнеркәсібіне 200 млрд теңгеден астам қаражат тартылды

16:42, 10 ақпан 2020
1031

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz —  Қазақстандық химия өнеркәсібіне 200 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

«2017-2019 жылдары химия өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция көлемі 219,7 млрд теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Осы кезеңде негізінен ақша Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола және Маңғыстау облыстарындағы кәсіпорындарды қайта жаңартуға және жаңғыртуға бағытталды.

Сондай-ақ, 2020 жылы Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматыда химиялық жобаларды іске қосқу жоспарланған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!