Халықтың дәрі-дәрмекпен қамтылуын қатаң бақылау керек – Сағынтаев

11:30, 20 наурыз 2018

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Халықты дәрі-дәрмекпен қамтуды қатаң бақылауда ұстау керек. Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді.

2017 жылы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асуы қорытындыланған жиында министр Елжан Біртанов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық дәрілік заттарға бағаларды реттеу бойынша заң жобасы әзірленіп, Парламентке енгізілгенін мәлімдеді.

Былтыр денсаулық сақтау министрлігі отандық тауар өндірушілермен 25 ұзақ мерзімді шарт жасасқан. Осы келісімнің аясында дәрілік заттарды сатып алу үлесі 48 пайызға дейін ұлғайған.

Сондай-ақ, 2017 жылы аталған саланы цифрландыру мақсатында 4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды. Медициналық ұйымдарды ақпараттық жүйелермен қамту 75,5 пайызды құрады. Осы орайда Қарағанды облысында қағазсыз денсаулық сақтау жобасы сәтті іске асырылып жатқанын атап өткен жөн.

Оның шеңберінде 70 мыңнан астам адам мобильді қосымшаларды пайдаланады. 2018 жылы қалған өңірлер де қағазсыз құжат жүргізуге ауыстырылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!