Халықаралық ІТ университеттің ректоры Дәмір Шыныбеков қамауға алынды

10:31, 18 маусым 2019

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековтің қамауға алынғанын хабарлады.

«Дамир Шыныбеков Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы «Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша күдікке ілінген», — делінген хабарламада.

Сот оны қамауда ұстау шарасын екі ай мерзімге — 29 шілдеге дейін санкциялаған.

Дамир Шыныбеков 2009 жылдан бастап ректор қызметін атқарды. Сондай-ақ, Бостандық аудандық мәслихатының депутаты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!