Халықаралық ақша аударымдары жүйелерін пайдалану 20%-ға өсті

11:58, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы аударылған ақшаның көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық Банк 2018 жылғы төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының даму нәтижелеріне шолу жасады.

Шолу нәтижелеріне сәйкес, 2018 жылы жеке тұлғалардың шетелге ХААЖ арқылы жіберген аударымдарының саны 601,8 млрд теңге сомаға 2,7 млн транзакцияны құрады. Бұл бір жыл алдынғы көрсеткіштен 19,3%-ға артық.

Сондай-ақ, өткен жылы ХААЖ арқылы жеке тұлғалар шетелден 362,0 млрд теңге сомаға 1, 5 млн ақша аударымдарын алды (17,0%-ға ұлғайды).

2018 жылы Қазақстан аумағында ХААЖ арқылы жүргізілген транзакциялардың көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға өсті. Қазақстан бойынша жіберілген ақша аударымдарының ең көп үлесін «Золотая Корона» ХААЖ (70%-дан астам) арқылы жүргізілген аударымдар құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!