Halyk тобының таза кірісі 62,1 млрд теңгені құрады
Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Halyk тобының ( «Қазкоммерцбанк» АҚ – Qazkom тобының көрсеткіштерін ескере отырып) таза кірісі 2018 жылдың 1 тоқсаны үшін 62,1 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы 4 тоқсанның нәтижесінен 63,1 пайызға асып тұр. Бұл туралы Халық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, 35,2 пайызға өсіп, 57,7 млрд теңгені құрады. Qazkom-ның таза кірісі шоғырландырылмаған негізде 2018 жылдың 1 тоқсаны үшін 32,9 млрд теңгені құрады.
Топтың таза пайыздық кірісі ( кредиттік шығындар бойынша шығыстарға дейін) 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда, негізінен клиенттерге берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету (жылдығы 13,7 пайыздан жылдығы 12,5 пайызға дейін) және 2018 жылдың 1 тоқсанында «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның мерзімсіз еурооблигациялары бойынша дисконтты амортизациялау есебінен 9 пайызға – 74,4 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Таза пайыздық маржа 2017 жылдың 4 тоқсанындағы жылдығы 4,9 пайызбен салыстырғанда, 2018 жылдың 1 тоқсанында негізінен «Қазкоммерцбанк» АҚ-тың одан төменірек таза пайыздық маржасы және «Altyn Bank» АҚ-ның пайыздық активтерін сатуға арналған активтерге қайта жіктеу есебінен жылдығы 4,3 пайызға дейін төмендеді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл