Halyk Finance Басқарма мүшесі тағайындалды

16:27, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Роман Асылбеков «Halyk Finance» АҚ басқармасының мүшесі болып сайланды. Бұл туралы KASE хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, директорлар кеңесі 2019 жылғы 21 мамырда Роман Асылбековты Halyk Finance Басқарма мүшесі, Қазынашылық департаментінің директоры етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Halyk Finance басқармасы үш адамнан тұрады: Евгений Шаймерден (Басқарма төрағасының міндетін атқарушы), Фархад Охонов (Басқарма төрағасының орынбасары), Роман Асылбеков (Басқарма мүшесі).

Halyk Finance — бұл Орталық Азияда шоғырланған инвестбанк. 2004 жылы құрылған. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Халықтық Жинақ банкі болып табылады, ол осы күнге дейін акциялардың 100%-ын иеленеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!