Halyk Bank карантин кезіндегі жұмысы туралы хабарлады

13:18, 18 наурыз 2020
2407

Бүгін Halyk Bank карантин режимінде клиенттерге қызмет көрсетуге дайын екендігін хабарлады.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша карантин тәртібінде және төтенше жағдайда банк картаға жалақының, зейнетақының, жәрдемақының есептелуі мен түсуі, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы шешіп алу, төлем және аударым операцияларының орындалуы, банк қызметтерін ұсыну — барлық маңызды сервистерінің үздіксіз жұмысына кепілдік береді.

Карантин тәртібінде банктің Банкоматтары қалыпты тәртіпте жұмыс істейді. Банк бөлімшелерінде клиенттер өздеріне қажетті банк операцияларын ыңғайлы жағдайда банк бөлімшелерінде орындай алады. Карантин кезеңінде банк бөлімшелерінің барлығы санитарлық тазалықтан жиі өткізіліп тұрады, қызметкерлердің барлығы қорғаныс заттарымен қамсыздандырылған. Барлық бөлімшелер қалыпты тәртіпте жұмыс жасауда.

Банк сондай-ақ, адамдардың көп шоғырланған жеріне, соның ішінде Банк бөлімшелеріне аз бару үшін жеке тұлғаларға Homebank.kz, заңды тұлғаларға Onlinebank.kz онлайн сервистерінің мүмкіндігін пайдалануды ұсынады. Егер сұрақ туындаған жағдайда банктің байланыс орталығына жеке тұлғалар — 7111, заңды тұлғалар — 9595 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір