Гүлмира Сатыбалды жәбірленушілерге 6,6 милиард теңгеден астам залал келтірген – Антикор

13:57, 8 қыркүйек 2022

Нұр-Сұлтан. 8 қыркүйек. 7kun.kz – Гүлмира Сатыбалдының жәбірленушілерге келтірілген залалдың сомасы 6,6 милиард теңгеден асады, деп хабарлайды 7kun.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

«Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді», – делінеген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.

Күдікті адамдар күзетпен ұсталуда.

Тергеу жалғасуда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!